Жәнібек Үсенбек: Ендігі 15 жылда қазақ тілі дамыса, латын әліпбиіне еркін өте аламыз

«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті шығарылымында филологтар Арман Байқадам мен Жәнібек Үсенбектің қатысуымен латын әліпбиіне көшу мәселесі қозғалды. «1940 жылы кириллица қабылданғаннан кейін көбісінде «Қалай біз орыс тілін тез үйреніп кетеміз?», «Орыс сөзін қалай таза айтамыз?» деген күмән болған. Ал, қазір ол күмән болмақ түгіл, 30 жылдың ішінде адамдар  тілді ұмытып кетті. Әліпбидің қандай әсер беретінін осыдан байқауға болады. Соның салдарын қазір көріп жатырмыз.  Бүгінгі күні қазақ тілі мәселесі әлі шешілмеді. Өз басым, латын әлібиіне өтуді қолдаймын. Бірақ, бір мәселе бар. Ендігі 15 жылдың ішінде қазақ тілі дамыса,  одан кейін латын әліпбиіне емін-еркін өте аламыз. Қазіргі кезде ұлтымыздың 70-80 пайызы орыс тілінде сөйлеп, ұлттық университеттердің өзінде құжаттардың барлығы дерлік орыс тілінде жүргізіледі», - дейді Жәнібек Үсенбек. Филолог Жәнібек Үсенбектің латын әліпбиіне 15 жылдың ішінде көшу керек деген пікіріне Арман Байқадам кері ойын білдірді. «Егер шынымен кірісетін болсақ, қазіргі  уақытта екі жылдың ішінде латын әліпбиіне көшуге болады. Қазіргі технология дамыған заманда кез келген мәселені шешуге жағдай жасалған», - дейді Арман Байқадам.  

Көрулер: 2 966

Ұзақтығы: 6мин 41сек

Қосылды: 12.05.2018

Пайдаланушы: Парасат майданы

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.