Илон Маск феномені

Әйгілі өнертапқыш, мультимиллиардер Илон Маск Оңтүстік Африка Республикасының Претория өңірінде дүниеге келген. Өзінің тың идеясы, өнертабыс құралдары арқылы жұртшылықты елең еткізіп жүрген кәсіпкер жайлы не білесіз? Америкалық инженердің бастамаларына ең бірінші түрткі болған – әкесінің сыйлығы. Кәсіпкер 10 жасар ұлына Commodor VIC-20 компьютерін тарту етеді. Дәл осы құрал арқылы Илон бағдарламалау жүйесін үйреніп, небәрі 12 жасында өзінің жеке компьютерлік ойынын ойлап тапты. Ойыннан түскен қаржысын Илон фармацевтикалық компания акцияларын сатып алуға жұмсайды. 17 жасқа толғанда Маск осы акциясын сатып, ата-анасының қарсылығына қарамастан, Канадаға оқуға кетеді. Студент кезінде алғаш рет ақшадан қысылудың қандай екенін түсінеді. Кейін Стэнфорд университетіне түсіп, бірақ белгілі себептермен оқуын аяқсыз қалдырады. 1996 жылы Илон ағасымен жаңалық таратуға ықпал ететін бағдарлама шығаратын Zip-2 компаниясының негізін қалайды. Ал, 3 жылдан соң оны 308 млн. долларға сатып жібереді. Маск бұдан 22 млн. доллар пайда көрген. Сол жылы наурыз айында әлемге әйгілі PayPal төлем жүйесінің негізін құраған x.com өндірісін құрады. 2002 жылы қазан айында бұл компанияны басқа мекеме 1,5 млрд. долларға сатып алады. Илонға акцияның 11,7 пайызы тиесілі еді. Осылайша ол сатылымнан 165 млн. доллар қаражат өндіреді. Осы уақыттан бастап ол өзінің шегі жоқ идеяларының шарықтауына мүмкіндік береді. 2002 жылы ол тапқан қаржысын зымыран ұшыруға бейімделген SpaceX компаниясының негізін қалайды. Қажырлы еңбегінің арқасында 6 жылдың ішінде компания деңгейінің жұмысын жақсартып, NASA ғарыш айлағымен келісім шарт жасайды. Бұл ретте NASA 1 млрд. 650 млн. долларын жұмсаған. Илон компанияны басқарып қана қоймай, зымыранды жүргізудің инженерлік қыр-сырын меңгеріп келеді. Ол өзі ойлап тапқан құрылғыларын шығаруда бала күнгі арманына сүйенген бе дерсіз. Өйткені, ондағы атаулардың барлығы балалық шағында көрген сүйікті киносы мен оқиғалар желісімен байланысты. Илон Маск болашақта ғаламшарда тұрсам деп армандайды. Ол алдына осындай мақсат қояды. Кім біледі, мультимиллиардердің бұл ойы жүзеге асып қалар?

Көрулер: 2 213

Ұзақтығы: 2мин 58сек

Қосылды: 04.05.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.