Олжас Омар: Электрондық еңбек биржасы жұмыс іздеуші мен жұмыс берушінің уақытын үнемдейді

Халықты жұмыспен қамту орталығы жиі жәрмеңке ұйымдастырып тұрады. Осы жәрмеңкелердің нәтижесі қандай? Елде халықты жұмыспен қамту жағдайы қалай? Астана қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар: Орталықпен ұйымдастырылатын жәрмеңкелердің нәтижесі бар. Жәрмеңке айына бір рет өткізіледі. Жұмыс іздеген кісіге қысқа мерзімде жұмыс берушілермен танысу мүмкіндігі бар. Бұл шара жұмыс берушілер үшін де жақсы. Екі тарап та уақытты тиімді пайдаланады. Жуырда жұмыспен қамту заңнамасына өзгерістер енгізілді. Мысалы, электрондық еңбек биржасы. Электрондық еңбек биржасы – бірыңғай бос жұмыс орындары және түйіндемелер қоры. Бұрын жұмыс берушілер бос жұмыс орны туралы бізге хабарлау үшін міндетті түрде қағаз толтыру керек болса, қазір электрондық түрде толтыра алады. Осы портал арқылы бірінші тоқсанда 767 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, жұмыс берушілер 720 адамды тапқан. Портал статистикасына сәйкес, Астана бойынша 400 мың адам түйіндеме тапсырған, республика бойынша 42 мың бос жұмыс орны бар, 29 мыңнан астам жұмыс беруші тіркелген.

Көрулер: 1 908

Ұзақтығы: 10мин 06сек

Қосылды: 19.04.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.