Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістердің мақсаты – зейнеткер өзін-өзі қамтамасыз ету алуы керек
Биыл еліміздің зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Студия қонағы Бірыңғай жинақтайшуы зейнетақы қоры Астана қаласы филиалының басқарушы директоры Мұрат Шәріпов зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтармен бөлісті. «Зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістердің бастысы – әйел азаматтың жасы жыл сайын алты айға ұлғайып отырады. Бұл - экономикалық өзгерістер. Қазір ел ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Халық түсініп, қолдап жатыр. «Орта зейнетақы сомасы» деген бар. Ол сома қазір азайды. Өйткені, жаңа жүйе енгіздік. Бүгінде үш түрлі зейнетақы бар: базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын зейнетақы. Базалық – әр азаматқа белгіленген сома бойынша берілетін зейнетақы. Еңбек өтіліне қарамайды. Жасы жеткенде мемлекет тарапынан беріледі. 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап барша зейнеткерге бірдей төленіп келген базалық зейнетақы көлеміне айтулы өзгерістер енеді. 1998 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен болатын. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталып қалды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде еңбек өтілін толық өткерген, бірақ, жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинайтын мүмкіндігі болмаған жандарды зейнетақымен қамсыздандырады. Біздің азаматтарымыз зейнетке шыққанда өз-өзін қамтамасыз ете алатын болуы керек. Көбісі «жинаған ақша кетіп қалады», деп ойлайды. Ол дұрыс емес. Мысалы, зейнетке шыққан азамат шетелге кетсе, ол ақшаны аударып береміз. Зейнетақының мұрагерлік құқығы бар. Одан кейін инвестициялық өсу деген бар. Ақшаға жыл сайын пайыз қосылып, өсіп отырады. Оның сақталуына мелекет кепілдік береді», - дейді қонақ.
Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.
Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.