Ұлмекен Ұзақбайқызы: Анамның бір ауыз сөзі өмірге қайта алып келді

Биыл қазақ телевизиясына 60 жыл. Айтулы мерекеге орай «Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы жастық шағын телевизияға арнаған, ардагер режиссер Ұлмекен Ұзақбайқызы. Ұлмекен Ұзақбайқызы: Өзім музыкантпын. Телевизияға дейін оркестрде жұмыс істедім. Күйеуім Мұрат та музыкант. Оркестрмен гастрольге шығатынбыз. Екеумізге ол қиын болды. Сосын мен музыканы қойдым. Балалы болдық. Күйеуіңе қарау керек, келіп-кетер қонағың бар. Осылайша 26 жасқа дейін үйде отырдым. Балаларым қатайғаннан кейін бағыма орай 1984 жылы телевизияға келдім. Мұраттың өзі ұсынды. Мен қуандым. Телевизияның не екенін білмедім. Бірақ қызықтым. «Тамаша» бағдарламасының жарқырап тұрған кезі. Менің арманым – «Тамашада» істеу еді. Сонымен былтыр зейнетке шыққанша қызмет еттім. Мұратпен оқып жүріп танысып, бас қостық. Сымбатты, көркіне ақылы сай, сері жігіт еді. Әнші, күйші, ақын ол елдің арасына барып, біраз дүние жинақтады. Мұрат көп адамның батасын алып, елімізге біраз еңбегі өтті. Бірақ жасы ұзаққа бармай 37 жасында өмірден озып кетті. 15 жыл бірге тұрған шағымыз осы күнге дейін маған азық болып келе жатыр. Оның артынан екі балам дүниеден озды. Ол маған жығылғанға жұдырықтай болды. Шынымды айтсам, өмір сүргім келген жоқ. Бірақ анамның бір ауыз сөзі өмірге алып келді. Қайын-жұртым өте жақсы адамдар. Енем ақын, суырып-салма абыз ана еді. Басыма қиындық түскенде осы қайын-жұртым және жолдастарым қолдады. Осы күнге дейін араласып тұрамыз. Ауыз-бірлігі жарасқан ұяға келін болғаным үшін өзімді бақытты сезінемін.

Көрулер: 2 259

Ұзақтығы: 34мин 09сек

Қосылды: 12.04.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.