Дирижер Шамғон Қажығалиевтің өмірі мен шығармашылығы
Қазақ музыка өнерінің тамыршысы Ахмет Жұбанов оның орындаушылық шеберлігіне, теориялық терең біліміне, мұнтаздай мығым, қылаудай мінсіз ойы мен бойына да тәнті болды. Өз перзентіндей оркестр тағдырын аманат ету сәті туғанда сеніммен Шамғонды таныды. Шамғон Сағаддинұлы 1927 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында дүниеге келді. Дирижер, профессор 1950 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының Халық аспаптар факультетін, ал 1964 жылы Ленинград консерваториясының опера-симфония дирижері факультетін бітірді. Қазақтың халық аспаптар оркестрінің, Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жағын басқарушы бас дирижері қызметін атқарды. Қажығалиев оркестр музыканттарының ансамбльдік-орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыкасы аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті. Сондай-ақ оркестр репертуарын әлемдік классика шығармаларымен толықтырып, эстетикалық тәрбие беруге зор үлес қосты. Оркестр қобыздың, домбыраның үні арқылы қазақтың байтақ даласын биік тауларын көз алдыңызға келетін «Сары арқа», «Адай», «Серпер», «Алатау» және өзге де күйлерді үлкен шеберлікпен орындап, қазақ халқын әлемге танытты. Биыл дирижер өзі бойтұмары санаған «Алатау» күйінің атауымен партитуралары жарыққа шықты.
Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.
Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.