Гүлзипа Маханова: Әкемнің намаз оқып отырып менің жазылып кетуімді сұрағаны есімнен кетпейді

Әйелдің қырық жаны бар. Әйелдердің сырты нәзік болғанымен, алынбайтын ішкі қамалы бар. Кез келген әйел қиындыққа мойымай шыдай алады. «Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі кейіпкері қатерлі ісік ауруына шалдығып, бірақ оған жеңілмеген Гүлзипа Маханова. «Балам 6 айға толғанда жұмысқа шығып кеттім. Басында басым ауырып жүрді. Шаршап жүрмін деп, мән бермедім. Бір күні әкем «дәрігерге барайық» деп айтты. Дәрігерлерге келіп, зерттеу жасаттық. Дәрігерлер басымда ісік барын айтты. Ол терең орналасқан екен. Емделдім, ота жасаттым. Ата-анам, бауырым қасымда болды. Олар менімен бірге қосылып қиналды. Ағайын туыстарым да жалғыз тастамады. Маған демеу болған жандардың бәріне рахмет айтамын. Ота жасатар алдында Құдайдан бір мүмкіндік сұрадым. Екі баламның далада қалғанын қаламадым. Шын жүректен беріліп, сұрадым. Әкемнің намаз оқып отырып менің жазылып кетуімді сұрағаны есімнен кетпейді. Аурумен күресу керек. Сену керек. Үмітті үзбеу керек. Жаны ашығанымен, ешкім жанын ауыстырып бере алмайды. Ауруды естігенде санаулы өмірімнің қалғанын түсіндім. Көп ой болды. Әр адам әртүрлі. Кейбірі ауруға беріліп кетеді. Мен күрестім. Қасымда қанша адам қолдау көрсеткенде мен қалай берілемін? Одан кейін сүйікті ісің болуы керек. Ол қуат береді. Қанша ауырсам да, тігіс тіккенді тоқтатпадым. Әр тіккен дүнием мені қуантады. Өз ісімнен ләззат аламын», - дейді Гүлзипа Маханова.

Көрулер: 3 545

Ұзақтығы: 24мин 51сек

Қосылды: 09.04.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.