Аманжол Әлтаев: Бала мықты болуы үшін ата-ана алдымен өзін түзеуі керек

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы айтыскер ақын Аманжол Әлтаев. Ақын бала тәрбиесі, ұлт тәрбиесі туралы сөз қозғады. «Ұлт болашағы бесікте жатқан балаға байланысты. Қай қоғам болса да бала тәрбиесі – маңызды. Өзіміз бір әке, бір анадан 14 бала болып ержеттік. Ата-анамның әлпештеп өсірген кенже баласымын. Бетімнен қаққан емес. Қазақи тәрбие бала санасында бесіктен қалыптасады. Ауыз әдебиетіне назар аударсақ, бесік жыры – бала тәрбиесінің бұлақ бастауы. Бала тербетіп отырып, қанша бесік жыры, өнегелі сөздер айтылады. Бесікте жатқан баланың сәби зердесіне бірінші күннен бастап қалыптасады. Қазақтың «Құрсақ тойы» бекер емес. Келіннің бала көтергенін білдіріп, атап өтетін болған. Содан құрсағында баласы бар ананы әлпештеп, ерекше қарайтын болған. Ұрпағым өссін десе әрбір ата-ана парасатты әлемнің ішінде болуға тырысуы керек. Ол - жаман сөз естімей, жоғары талғамға сай дүние арасында болу дегенді білдіреді. Әкенің міндеті де аз емес. Қуанышты хабар естігеннен кейін ер азаматтың жарына деген құрметі арта түсуі керек. Өмірлік азаматына деген құрметін әрбір сөзімен, қимылымен білдіруі керек. Жалпы, бала мықты болуы үшін ата-ана алдымен өзін түзеуі керек. Өзін түземей балаға зеки беру баланың жақсы тұлға болып қалыптасуына жетелемейді. Баланы ұрсып емес, ақылмен тәрбиелеу керек. Баламен сырласып, ой бөлісу керек. Алдына келген қиындықты жеңу үшін ақыл айтып, кеңес беру керек. Сонда ғана бала сырын айтатын болады», - дейді ақын.

Көрулер: 4 416

Ұзақтығы: 24мин 44сек

Қосылды: 06.04.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.