Ләззат Айтқожина: Қазіргі таңда бедеулік көрсеткіші артып отыр

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен әртүрлі өңірлердегі, түрлі жастағы және ұлты әртүрлі 100 нақты адамның тарихы. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген репродуктолог-дәрігер Ләззат Айтқожина студия қонағы болды. Дәрігер жас отбасылардағы бала сүюге қатысты қиындықтар туралы сөз қозғады. «Отбасында бала сүйе алмаудың себептері көп. Ол туа біткен, жүре пайда болған факторлар. Мысалы, қабыну, жас кезінде түсік жасатқан, мән берілмей, қараусыз қалған адамдар. Қазіргі таңда бедеулік көрсеткіші артып отыр. Оның 40 пайызы ер адамдар болса, 60 пайызы - әйелдер. Жастар отбасын құрған сәттен бастап бір жыл демалу керек. Кейін арада 1-2 жыл ішінде бала сүймесе, дәрігерге қаралуға болады. Ешқандай кедергі болмай, дәрігерлерден ем болмаса, репродуктолог мамандарға қаралуы керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дегендей, ата-ана әсіресе, ер балаға баса назар аударуы керек. Мысалы, кейде баланың жұмыртқалары болмауы мүмкін немесе травма алуы мүмкін. Тағы бір түрі - жыныстық ауруларға мән бермей қазақы ем жасау. Яғни, керек уақытты өткізіп алу. Одан басқа ерте жыныстық қатынасқа түсетін жас балалар мен қыздар сақтану туралы ұмытпауы керек. Бұл аурулар кейіннен бедеулікке алып келуі мүмкін. Репродутолог маманға келгенде, ең алдымен біз тексереміз. Барлық тексеруден өткеннен кейін бала көтеруге мүмкіндік бар ма, жоқ па айтамыз. Жасына қарай ем береміз. Мысалы 30 жасқа дейінгі отбасы болса өзінің көтеріп, босануына жағдай жасаймыз. 30 жастан асқан отбасына ЭКО жасауға кеңес береміз. Әрине, ЭКО 100 пайыз кепілдік бермейді. 2016 жылы біздің институт 20 жылға толды. Сол кезде біздің көмек арқылы 10 000-шы бала туды. Одан бері бала саны бірталай өсті», - дейді қонақ.

Көрулер: 3 309

Ұзақтығы: 15мин 27сек

Қосылды: 06.04.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.