Бақыткүл Мақатаева: Ақиық ақынды ғайбат сөзге қалай қиямыз?

Ақын, жазушы Мұқағали Мақатаевтың қазақ руханиятында алар орыны қашанда биік тұратыны белгілі. Дегенмен, соңғы кездері әлеуметтік желіде ақынның өміріне қатысты келеңсіз жайттар жазылып жатыр. Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақынның келіні Бақыткүл Қыдырбайқызы Мақатаева «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болып, осы жағдайға қатысты өз пікір-ойымен бөлісті. «Әрине қазір халық әлеуметтік желіні қолданады. Оның ішінде үлкен буын да бар. Осы ойға қатысты ақынның жанашырлары бізге де хабарласты. Олар өз реніштерін білдіріп, сұрақтар қойып жатыр. Бұл көңілге тиетін жайт. Өзінің халқына сеніп, асыл-мұрасын қалдырып кеткен ақынға осындай келеңсіз дүниелерді айту – дұрыс емес. Ол кісінің өзі кезінде айтып кеткен: Ойлаңдар, достар! Өнерде «жарыс» болмайды! Өресі жетпей, Күндестік болған оңбайды! Бұл осы келеңсіз жағдайға қатысты алдын-ала жазып кеткен дүниесі. Мен кейбір адамдардың «Мұқағалидің күнделікті пендешілікке салынып жүрді» деген пікірімен келіспеймін. Мысалы, «Үш бақытым» өлеңінде, бірінші бақыт - халқым, екінші бақыт - тілім, үшінші бақыт - Отаныным деп айтып кеткен. Мұндай керемет өлеңдерді дүниеге әкелген ақынды ғайбат сөзге қалай қиямыз? Өлеңді өмір деп санаған, өміріне өлеңді желеу еткен ақын халқына өлеңдерін мұра етіп қалдырды. Ал, ұрпағы оны жүректеріне түйіп алып, қорған ретінде пайдаланып жүр. Оның өлеңдері жігерлендіреді, рухтандырады, қайрат береді. «Менің өлеңдерімді рет ретімен, жылдарымен оқитын болсаңыз, менің үлкен тұлғам шығады. Сол кезде мені ақын емес деп айта алмайсыздар» деп күнделігінде белгілеп кеткен. Ол кісіні өлеңінен бөлек қарауға болмайды. Оның өлеңі – өмірі. Қамшының сабындай өмір сүрсе де артында мұрасын қалдырып кеткен», - дейді қонақ.

Көрулер: 2 087

Ұзақтығы: 16мин 10сек

Қосылды: 06.04.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.