Көзінен айырылған Рима Асқароваға көмек керек

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы 11 жасында оттың кесірінен бір көзінен айырылған Рима Асқарованың анасы. Қанша уақыт өтсе де Рима үмітін үзген жоқ. Анасы Жанат Қырықбаева көмек қолын созатын адамдар табылса деген үмітпен студияға келді. «Рима бала кезінен ерекше болды. Көбіне демалыс кезінде ауылға баратын. Өзім жұмыс істедім. Рима 2 жасында жалғыз басты ана атандым. Сол уақыттан бері балаларымды өзім өсіріп келемін. Бала кезінен Рима қабілетті болды. Сабақты жақсы оқыды. Түрлі жарыстарға қатысты. Әрбір ана баласы болашақта қиыншылық көрмесе, жақсы өмір сүрсе екен деп армандайды. Рима кішкентай кезінде сахнаға шыққанды қалайтын. Кез келген нәрсені білгісі келіп, қызығушылық танытатын. Осы себептен отқа түскен болар. Ол күн мен үшін өте ауыр. Жаңа жылдың алдында от шашатын құралды алып, өзі атып көрді. От көзіне тиді. Сол сәттен бастап өміріміз өзгерді. Өзімді осы үшін кінәлімін деп есептедім. Басыңа түскеннен кейін, көнбеске не шара? Үмітімізді үзген емеспіз. Қызым мықты. Біраз ота жасаттық. Барлығы нәтижесіз өтті. Қазір медицинаның дамыған заманы. Интернет арқылы шетелдік клиникаларды анықтадық. Бізге көмек береміз деп отырғаны Израиль клиникасы. Қызым ол туралы естіп, көкке ұшты. Бірақ ол отаның құны - 16 миллион», - дейді Риманың анасы.

Көрулер: 1 948

Ұзақтығы: 26мин 02сек

Қосылды: 04.04.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.