Арман Сқабылұлы: Әлеуметтік желі арқылы жастарды тәрбиелеу мәселесін қазірден қолға алмасақ ертең кеш болуы мүмкін

Қазіргі күні әлеуметтік желіні қолдану аясы күннен күнге кеңейіп барады. Жастар болсын, үлкен буын болсын әлеуметтік желіні қолданады. Әлеуметтік желінің пайдасы көп пе, зияны басымырақ па? Журналист, әлеуметтік желіні белсенді қолданушы Арман Сқабылұлы студия қонағы болып, осы және басқа сұрақтарға жауап берді. «Әлеуметтік желіні қанша даттасақ та, жақтырмасақ та одан құтыла алмаймыз. Тек, оның жақсы жақтарын қолдану мәселесін қозғау керек. Өкінішке орай әлеуметтік желінің 20 пайызы ғана жақсы, қалған 80 пайызы қоғамға жақсы дүние әкелмейді. Әлеуметтік желі бүгінде адамдарды әлеуметтік статусына қарамай теңестіріп отыр. Әлеуметтік желіні журналистер, саясаттанушылар, халыққа ой айта алатын адамдар көбірек пайдаланса деген тілегім бар. Өйткені әлеуметтік желі арқылы ақпарат алу, халыққа ой тастау, жастарды тәрбиелеу мәселесін қазірден қолға алмасақ ертең кеш болуы мүмкін. Ақпараттық дәуірде өмір сүреміз. Ақпаратты тез алғымыз келеді. Газет оқуға уақыт жоқ. Әлеуметтік желіде отырғаныма 6 жыл болды. Маман болғандықтан түрлі материалдар салдық. Байқағаным, 5-6 жылда жазылатын жанр қалыптасып болды. Мысалы, әдемі, халық оқитын дүние оқысын десеңіз, жеңіл, түсінікті, оқиғасы тез аяқталатын жанр болуы керек», - дейді қонақ.

Көрулер: 2 754

Ұзақтығы: 11мин 50сек

Қосылды: 04.04.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.