Бүгін жазушы Немат Келімбетовтың дүниеге келген күні

Немат Келімбетов 1937 жылы Ташкент облысында дүниеге келген. Түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. Ол Ташкент қаржы-экономика инcтитутын, ҚазМУ-дың филология факултетін бітірген. «Қазақстан» баспасында редактор, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор қызметтерін атқарған. Ол 30 жасында омыртқадан ауыр дертке ұшырап, төсекке таңылса да мойымады. Өмірге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында еңсесін түсірмеді. Жазушының еңбектері көптеген тілдерге аударылып, театр сахнасында кітаптардың желісі бойынша пьеса қойылды. Оның есімі оқырман қауымға әлем классиктерінің үздік шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде де жақсы таныс. Ғалым түркітану саласында да терең зерттеу жүргізген. Ұстаздық қызметті де қатар алып жүрді. Өнегелі өнер иесі көзі тірі болғанда 80 жаса толар еді. Соңында мол рухани қазына қалдырған қаламгердің есімі ұмытылмасы анық.

Көрулер: 4 306

Ұзақтығы: 1мин 44сек

Қосылды: 04.04.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.