Мұхтар Төлеутай: «Чек-ап» зерттеуден өз елімізде де өтуге болады

Қазіргі таңда онкологиялық аурулардың жас талғамайтыны мәлім. Оның себебі неде? Астана қаласы Онкологиялық орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутай студия қонағы болып, қатерлі ісіктің алдын алу жолдары, себебі мен салдары туралы сөз қозғады. Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың дамуының алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу. «Соңғы 10 жылдан бері сүт безінің обырына скрининг жасап келеміз. Осының нәтижесінде бірінші және екінші сатыдағы сүт безі обырының толық жазылып кету мүміншілігі бар. Әйел адам екі жыл сайын скринингтен міндетті түрде өтуі тиіс. Егер де ісіктің белгілері болса, есепке алынып, емдеу шаралары жасалады. Қазіргі кезде науқастарды дәрі-дәрмекпен, химиялық препараттармен толық қамтамасыз етуге болады. Қатерлі ісіктің қауіпті тұсы - білдіртпей келуінде. Тым кеш белгі беруі мүмкін. Созылмалы сырқаты бар адамдар міндетті түрде жылына бір рет дәрігерлерге барып, тексерістен өтуі тиіс. Қазір біздің халық шетелге барып, «Чек-аптан» өтеді. «Чек-ап» – жасырын аурулар мен ағзаның оған бейімдік деңгейін, ағзадағы негізгі проблемаларды анықтауға бағытталған кешенді интенсивті бағдарлама. Бұл тексерістен біздің елде де ақылы түрде өтуге болады. Қатерлі ісіктің 100-ден аса түрі бар. Оны емдеу аурудың сатысы мен түріне байланысты. Өкінішке қарай, 3-ші және 4-ші сатыдағы ауруды емдеу мүмкін емиес», - дейді дәрігер.

Көрулер: 2 048

Ұзақтығы: 21мин 00сек

Қосылды: 03.04.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.