Балнұр Қыдырбек: Қазіргі жас композиторлар қаламақы дегенді білмейді

Композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек студия қонағы болып, еліміздегі композиторлардың бүгінгі тынысы мен шығармашылығы туралы сөз қозғады. «Біз ұмытылған дара тұлғаларымыздың есімдерін жаңғырту мақсатында еңбек етіп келеміз. Мысалы, өткен жылы Дәуренсал Құдабайұлының 200 жылдығын атап өттік. Дәуренсал бүкіл Жетісу композиторлық мектебінің бастауы. Ол кісінің соңғы өкілі – Кенен Әзірбаев. Қазір орындалып жүрген әндер мен күйлер осы күнге қалай жеткені туралы сұрақ қойылмайды. Көптеген еңбектер ұмытылып, жоғалды. Ендігі мақсатымыз - қалғанын сақтап қалу. Соңғы 25 жыл ішінде қаламақы деген ұғым жоқ. Біз музыка жазуды оқыдық. Ал, мамандық асырау керек. Асырауға келмейтін мамандық кімге керек?! Сондықтан, жас композиторларға «шығарма жазбайсындар» деп талап қоюға мүмкіндік жоқ. Қазіргі жас композиторлар қаламақы дегенді білмейді де. Композиторлар одағы мемлекеттен қаржыландырылмайды. Орта буын өзімізден кейінгі жастарға еңбектерімізді жеткізгіміз келеді. Композитор болу оңай емес, себебі, ол тек музыка жазу емес. Кем дегенде 15 жыл арнайы білім алу керек. Қазіргі таңда елімізде 10-ға жуық шығармашылық одақ бар. Ішіндегі өзі тіршілігін өзі жасап жүргені – Композиторлар одағы. Өкініштісі, біздің шығармалар қазаққа керегі жоқ. Шетелдіктер қызығушылық танытады», - дейді одақ төрағасы.

Көрулер: 3 373

Ұзақтығы: 10мин 48сек

Қосылды: 03.04.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.