Жарасқан Әбдірашевтің туғанына - 70 жыл

Қазақ ақыны, сыншы, аудармашы, сықақшы Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы 7 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келді. 1963 жылы орта мектепті тәмамдап, Қазалы ауылшаруашылық техникумының механика факультетіне оқуға түскен. 14-15 жасар кезінде Қызылорда облыстық газеттерінде тырнақалды өлеңдері, мақала, əңгіме, аудармалары жариялана бастады. 1969 жылы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Жарасқан Әбдіраштың өлеңдері орыс, неміс, венгр, украин, беларусь, тәжік, ағылшын тілдеріне аударылды. Өзі де әлем әдебиетінің классикалық шығармаларын қазақша сөйлетті. Мысалы, үнді ақыны Р.Тагордың, француз ақыны П.Элюардың беларусь ақыны Я.Купаланың, палестиналық ақын М.Бсисудың таңдамалы өлеңдер жинағын, балалар ақындары К.Чуковскийдің «Дəрігер Айболит», А.Бартоның «Ойыншықтар», «Өсіпкелем» сияқты туындыларын аударған. Сондай-ақ, А.С.Пушкиннің, А.Блоктың, Г.Гейненің таңдамалы өлең кітаптарын аударуға ат салысқан. Сонымен бірге Б.Окуджаваның, Е.Евтушенконың, Р.Рождественскийдің жəне басқалардың шығармаларын тəржімалаған. «Тамаша» әзіл-сықақ театрына интермедиялар жазды. Басылымдарда өткір сын айта білді. Бүгінде ақын мұрасын жинақтап, насихаттауға жары Назгүл Әбдірашева мұрындық болып жүр. «Тұңғыш кітап»,«Ақ қайран», «Найзағайлы жаз», «Саяхат», «Парасат пен парыз», «Дала, сенің ұлыңмын», «Соғыстан соң туғандар», «Перзент парызы», «Сана соқпағы», «Әзілің жарасса», «Көңіл көкпары», «Шежірелі шаңырақ», «Құлпытас» секілді жинақтардың авторы Жарасқан Әбдірашевтің алар орны ерекше.

Көрулер: 7 095

Ұзақтығы: 3мин 01сек

Қосылды: 07.03.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.