Алғыс айту күні елімізде кең ауқымда тойланды

Наурызда іркес-тіркес келетін мереке көп. Бай бейсенбіде Еділ мен Алтайдың арасындағы ағайын Алғыс айту күнін атап өтті. Жалпы, ұлт ретінде қазақтың қаһарлы қадым тарихы мен қауқары қайтып, бодан болған берекесіз бертініне үңілсеңіз де, өзге ұлттардың обалына қалып, қарғыс арқалаған тұсы жоқ. Қайта кең қолтық, үлкен жүректі халқымыз саяси сүргінге түсіп, Отанынан сүрілген сан ұлтты бауырына басты, бағын ашты. Олар қазір Тәуелсіз Қазақ елінде ұрпақ өрбітіп, ұлы далада бірлікке ұйып отыр. Сондықтан да болар, осыдан екі жыл бұрын күнтізбемізге енген Алғыс айту күні елімізде кең ауқымда тойланды. Елбасы да бұл күні мұқым жұртқа ілтипатты лебізін жеткізді. Қанымызға сіңе бастаған жаңа мерекенің жанымызға жылы келуі бекер емес. Кейде тіпті күніне қырық көрсек те, маңайымыздағылар мен өмірімізде өзгеше орны бар жандарға алғыс айтуды ұмытып кетіп жатамыз. Сондықтан да, Алғыс айту мерекесінің жалпақ жұрт жамбасын жерге тигізбей іліп ала жөнеліп, бір-біріне алғыс жаудырды. Бірақ, біз бұдан да биік һәм жауапты дүниені ұмытпағанымыз ләзім. Енді бүгінгі ұрпақ ертең бізге қарғыс айтпау керек. Әрдайым алғыс айтса игі. Ол үшін бүгінгі ісіміз баянды, ертеңгінің игілігіне айналатындай болуы тиіс. Мерекенің мәні мен сәнін Фариза Мұсақызы баяндасын.

Көрулер: 3 203

Ұзақтығы: 1мин 36сек

Қосылды: 04.03.2018

Пайдаланушы: Аpta

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.