Бала күтушісін таңдарда нені ескерген жөн?

Жасөскінді жастайынан тәрбиелеуге білек сыбана кірісетін ата-аналар кейде бөбекжайға бармайды, үйіне күтуші жалдайды. Жазушы-педагог Антон Макаренко «Тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек» депті. Тәрбиесі бар тәрбиеші табу үшін қазір қоғамда бала күтушіні мамандық деп танып оған арнайы сертификат тапсыру керек деген бастама көтерілді. Орынсыз дей алмайсың, мәселен, өткен жылы ақылынан адасқан күтуші әйел 2 жасар сәбиді Теміртаудан Астанаға алып қашқан. Қолға түскен әпенді «бала маған мама деді, содан бері бөбекке бауыр басып қалдым, ана болып көрейін дегем» деп ақталыпты. Ал, жыл басында Лондонда бір ауқатты отбасы 4 баласына күтуші іздеп көптің ойын бұзды. 15 жылдық жұмыс өтілі бар тәрбиеші табылса оған жылына 100 мың доллар ақша төлейміз депті хабарламада. Оған қоса әлемді айналып қайтатын саяхат сыйлайды, бірақ аптасына 6 күн жұмыста болу керек. Балаларды түрлі үйірмелерге тасу талап етіледі, сол үшін бала күтушісі «Porsche», «Range Rover»  немесе «Maserati» автокөліктерін басқара алуы тиіс екен. Әлемнен сағатына 300 түйіндеме алып тәрбиеші іздеуге кіріскен лондондық отбасы сияқты біздің елде де бөбегіне жеке күтуші жалдайтын отбасылар көп. Тәрбиеші таңдарда нені білу керек, оның қызметін қалай бақылауға болады?  Бұл туралы толығырақ Гүлжазира Ғалиқызының сюжетінде.

Көрулер: 2 454

Ұзақтығы: 7мин 42сек

Қосылды: 03.03.2018

Пайдаланушы: Мәселе

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.