Бақтияр және Шадияр Мұхамбетқалиевтер: Ешнәрсеге қарамастан 14 жасымыздан біргеміз

«Бақытты әйел» бағдарламасының «Мақпалдың мекені» айдарында қонақта - тағдырдың қиындығына қарамастан махаббат теңізінде қатар жүзіп келе жатқан қос ғашық Бақтияр мен Шадияр Мұхамбетқалиевтер. Бақтияр бала күнінен «кәсіби футболшы болсам» деп армандаған. Ол 7 жасынан жаттықты. 14 жасында ұнатқан Шадияр қызды 17 жасында жар қылды. Анасы мен жұбайы, жаттықтырушылар Бақтиярдың болашағын кәсіби футболмен байланыстырды. Солай болып та келе жатқан. Алайда, күтпеген жерден жас жігіттің жілігінде ісік бар екені анықталды. Аурухана, химия терапия, жан мен тәнді жеген ауру ақыры аяқты тізеден кесіп тынды. Бақтиярдың анасы бар қаражатын жинап, ұлын Германияға алып кетті. Ана жүрегі алдамады. Неміс дәрігерлері ісіктің қайтқаны туралы жеткізді. Бахтиярдың аяғына протез салынды. Обырды жеңген Бақтияр енді ұлының футболшы болғанын армандайды. Бақтияр да, Шадияр да сын сағатта батылдық таныттты. Жас жұбайлар ұлы махаббат пен сенімнің алдында ешнәрседен қорықпады.

Көрулер: 1 832

Ұзақтығы: 31мин 02сек

Қосылды: 03.03.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.