Камал Смайылов журналистикада өз мектебін қалыптастырды

Жазушы-публицист, кинотанушы Камал Смайылов 1932 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1954 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінің редакциясында бастаған. «Білім және еңбек» журналының тұңғыш редакторы, ҚазКСР мемлекеттік кино комитетінің төрағасы, Қазақ КСР мемлекеттік телерадио комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы сияқты жауапты қызметтері атқарған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылған халық депутаты болып сайлаған. Ол Қазақстан киноөнерінің алтын қазынасына айналған «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры» кинофильмдерін түсіруге бірден-бір жебеуші болды. Смайылов басқарған тұста «Қазақфильм» киностудиясы «Әкелер жері», «Ән қанатында», «Артымызда Москва», «Тақиялы періште», «Қараш-қараш оқиғасы», «Мәншүк туралы ән», «Шоқ пен шер», «Көксерек», «Транссібір экспресі» және т.б. көркем фильмдері түсіріліп, тұңғыш қазақ мультфильмі жарыққа шықты. К.Смайыловтың қаламынан 15 публицистік-танымдық кітап дүниеге келді, өзекті мәселелерді көтерген 350-ден астам көркем очерктері мен мақалалары жарық көрді. Ұлтжанды азаматтың бастамасымен Алматыда 1975 жылы тұңғыш рет Халықаралық кинофестиваль өтті. Қазақ телевизиясына басшылық еткен жылдары ұлттың ұстанымдағы «Айтыс», «Терме», «Шабыт», «Халық таланттары», «Асыл мұра» топтама хабарлары, көпшілікке арналған «Тамаша» бағдарламасы эфирге шығып, халық сүйіспеншілігіне бөленді.

Көрулер: 4 618

Ұзақтығы: 3мин 33сек

Қосылды: 01.03.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.