Бауыржан Жақып: Кәсіби журналист үшін цифрлық технологияларды меңгеру маңызды

Ақын, филология ғылымдарының докторы, ғалым Бауыржан Жақып Алматы студиясының қонағы болды. Бауыржан Өміржанұлы 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол «Көзімнің нұры», «Айдындағы аспан», «Ақ лақ» жыр жинақтарының, «М.Әуезов — публицист» ғылыми-зерттеу кітабының авторы. Бауыржан Жақып: Алғаш өлеңімді бала күнімде жаздым. Ол көктемде еді. Көктем мезгіліне ерекше қараймын. Шабытпен келген өлеңді ақ қағазға түсіру – керемет сезім, ләззат. Қытай еліндегі Ұлттар баспасында кітабым жарық көрді. Ол мен үшін үлкен мерей, қуаныш. Қазіргі уақытта университетте студенттерге дәріс оқып жүрмін. Биыл ұстаздық қызметіме – 32 жыл. Сондықтан әрқашан өзіңнің біліміңді арттырып, шыңдап отыру керек. Биылғы жоспарда - батырлық жырау, поэзия, оның журналистикаға ықпалы туралы публицистикалық негіздерін шығару. Қазіргі телеарна журналистерінің жауапкершілігі мен мүмкіндіктері зор. Біздің заманымызда ұзақ дайындалып барып, байланысқа шығатынбыз. Қазір барлығы цифрланған. Нағыз кәсіби журналист алдымен мемлекеттік тілді білу, одан кейін шет тілін меңгеруі тиіс. Ал, одан кейін кәсіби маман үшін цифрлық технологияларды меңгеру маңызды.

Көрулер: 4 459

Ұзақтығы: 13мин 25сек

Қосылды: 27.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.