Астанада Сәкен Сейфуллинді еске алуға арналған кеш өтті

Сәкен тірі! Қазақтай елі барда, «Өлді» деудің, айтыңдар, жөні бар ма?! Ол көнбейді, ешқашан еңкеймейді, Түскен де емес қысыр дау, бөрі лаңға! Бұл өлең жолдарын белгілі ақын Темірше Сарыбаев Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллинге жолдаған. Ғасырлар өтсе де, қазақ халқы биік тұлғаларын ардақтап, жадында сақтаған. Құрылғанына ширек ғасыр болған Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы - ақынның артында қалған құнды жәдігерлерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған бірден-бір ұйым. Күні кеше аталған ұйым тағылымды шара өткізді. Социалистік төңкеріске Қазақстаннан тікелей қатысқан жалғыз қазақ ақыны бола тұра ол өз дәуірінің күреске толы рухы мен шындығын туындыларына арқау етті. Әдебиеттің жандануына жанрлық жағынан молайып, дамуына үлес қосты. Қысқа ғұмырында үлкен іс атқарған тұлға 25 ақпан күні өмірден озған еді. Атаулы күнге ақынды еске алу кеші ұйымдастырылды. Еске алу кешінде елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері қаламгер өмірі мен шығармашылығы туралы дайындаған баяндамаларын оқыды. Сол арқылы өмірде де, әдебиетте де белді күрескер болған тұлғаның өнегелі ісін жас ұрпаққа насихаттап жеткізуді мақсат етті.

Көрулер: 3 834

Ұзақтығы: 3мин 18сек

Қосылды: 26.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.