Осыдан 40 жыл бұрын Ұлттық арнада «Алтыбақан» хабары дүниеге келді

1957 жылы 29 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің радиожүйе мен телевизиясын құру туралы қаулысы қабылданды. 1958 жылы 8 наурызда қазақ телевизиясы дүниеге келді. Дәл осы күні алғаш рет Алматыдан тікелей хабар таратылды. Сол уақыттан бері 60 жыл өтті. Жарты ғасырдан астам уақыт аралығында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы халықтың айнасына айналды. Салмақты сараптау, көңілден шығар жобалар жыл сайын көрерменнің назарында болды. Халық жадында берік сақталған бағдарламалардың бірі – «Алтыбақан». Алдымен 1974 жылы эфирге шыққан жаңа жобаның жүргізушілері тағайындалып, әнұраны жазылды. Әнұранның сөзін ақын Қадір Мырзаәлі, әуенін Жолан Дәстенов шығарды. Хабарда белгілі тұлғалар Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова өз өнерлерін көрсетті. Жаңадан шыққан таланттар танылып, талай әндердің тұсауын кесуге мол мүмкіндік туды. Жас үміткерлер халықаралық фестивальдерге қатысу үшін сайысқа «Алтыбақан» төрінен аттанған. Жобаның мақсаты - ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттың санасын ояту еді.

Көрулер: 3 300

Ұзақтығы: 6мин 04сек

Қосылды: 26.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.