Алматыда Қазақ телевизиясының 60 жылдық мерейтойы басталды

1959 жылдың сәуіріне дейін қазақ телевизиясында 333 бағдарлама, 497 кинофильм мен киножурналдар дайындалды. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары қазақ телевизиясы түрлі-түсті бейнеге көшті. Трансляцияның ұзақтығы - 7 сағат, қызметкерлер саны - 412-ге жетті. 11 бас редакция, 4 шығармашылық бірлестік жұмыс істеді. Ал, 1994 жылы 4-сәуірде бүгінгі арна ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы деп аталды. Бүгінде 60 жылдық тарихы бар еліміздің бас арнасы - қара шаңырақ, үлкен мектеп. Алматы төрінде 60 жылдық мерейтой басталып кетті. Алғашқы режиссерлердің бірі Сәлима Естемесова, диктор Ләзиза Аймашева бастаған қызметкерлер телеарна ғимаратының табалдырығын сағынышпен аттады. Ұлттық арнаның ардагерлері «Дара жол» бағдарламасының түсіріліміне шақырылды. Бұл жолы кадрдан тыс қызмет еткен мамандар да ойларын ортаға салмақ. Меретой қарсаңында түсірілген хабарды «Дара жолдың» алдағы шығарылымдарының бірінен тамашалай аласыздар.

Көрулер: 2 753

Ұзақтығы: 3мин 26сек

Қосылды: 22.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.