Еліміздің музей саласындағы «Жұлдызды гид» жобасы әлем тәжірибесінде болмаған

21-ақпан күні әлемнің түкпір-түкпірінде экскурсия жүргізушілер өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. 1990 жылы Лондонның экскурсоводтары көтерген бұл бастаманы еліміздің музей қызметкерлері де жалғастырып келеді. Атаулы күнге орай елордадағы Ұлттық музейде биыл да «Жұлдызды гид» жобасы жүргізілді. Жобаның аты айтып тұрғандай, бұл күні әншілер мен театр және кино актерлері экскурия жетекшісінің орнын алмастырады. Үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараның бұл жолғы қатысушылары - еліміздің Еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Ысқақова, Айгүл Иманбаева, театр және кино актерлері Нүркен Өтеуілов, Дәурен Серғазин, әнші Ардақ Балажанова, Айгүл Қосанова және тағы басқалары. Елге танымал өнер адамдары осы күндері өздерін басқа салада сынап көрді. Бұл жобаның басты мақсаты – музей имиджін көтеру және ұлттық құндылықты, тарихымызды насихаттау. Имидждік жоба еліміздің, тіпті, әлемдік музей тәжірибесінде мүлдем болмаған. Ұлттық музей қолға алғаннан бері эстафетаны басқа облыстардың музей орталықтары қабылдап, жүзеге асырып жатыр. Тіпті, шараға шетелдік қонақтар өз қызығушылықтарын білдіруде.

Көрулер: 1 972

Ұзақтығы: 2мин 24сек

Қосылды: 22.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.