«Athletic» - еліміздегі бірегей спорт сарайы

Елбасы бұқаралық спортқа халықтың кемінде 30 пайызы тартылуы тиіс деп тікелей міндет қойған болатын. Бұқаралық спорт - ұрпақ саулығының кепілі, денсаулықты сақтау жолындағы амалдардың бірі. Бүгінге дейін спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды дайындау сапасын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл шаралардың барлығы Қазақстан спортының әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін көтеруге айтарлықтай әсер еткені сөзсіз. Еліміздің намысын түрлі олимпиадаларда қорғайтын спортшыларымыздың жаттығатын Жамбыл облысындағы, тіпті Қазақстандағы бірегей спорт сарайы - «Athletic» спорт сарайы кешені. 5 гектар аумақты қамтитын нысан 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Жаттығу залы, оңалту орталығы, қонақ үй кешені, тамақтану блогы, мүмкіндігі шектеулі баларға арналған орталық. Бұлардың барлығы спортпен кәсіпқой және әуесқой айналысамын деген жандардың игілігі үшін жұмыс істейді. 2009 жылы пайдалануға берілген бірегей жоба спорт кешендері туралы барлық ережелер мен стандарттарға сай салынған. Қазіргі таңда спорт кешенінде еркін күрестен ұлттық құрама, «Астана Арланс» кәсіпқой бокс құрама командасы жаттығу жасап, ауыр атлетикадан ұлттық құрама командасы жасөспірімдер арасындағы олимпиадаға дайындық үстінде. Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров ағаларының жолын жалғаған грек-рим күресінен ел құрамасы да осында. Алмат Кебіспаев, Демеу Жадраев, Мақсат Ережепов сынды балуандарымыз алдағы сайыстарға қызу дайындықты бастап кетті. Кешенде жаттығу залдарынан бөлек, оңалту орталығы бар.

Көрулер: 1 917

Ұзақтығы: 4мин 41сек

Қосылды: 20.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.