«Ақбөбек» әнінің тарихы туралы не білесіз?

Қайып Қорабайұлы деген кім? «Ақбөбек» әнін кімге арнаған? Ол – әнші-ақын, сазгер, қолөнер шебері. Зерлеген кебіс, мәсі, көк сауыр етік, көкала жона тігетін ата-баба өнерін меңгерген Қайыпты әл-ауқатты адамдар айлап-апталап үйлерінде ұстап, етік тіккізеді. Қайып сондай сапарлармен Маңғыстаудың бірқатар өңірін аралаған. 1883-1885 жылдары Мамыртай Есжан ауылында ертелі-кешті домбыра тартып, сұлу әндер салып, бай қызы Ақбөбекпен көңіл жарастырады. Қыз Кедейдің Есберген деген адамына атастырылған. Қалың малы берулі, қызды небір қымбатпен киіндіріп, тойға дайындық жүріп жатады. Ауылға Қайып келгеннен бері Ақбөбек етікті киіп көру сылтауымен шебердің қасына келе береді. Мұны соңы ғашықтардың жырына айналады. Бұл оқиға Қайып әндерінің тууына, халық арасына аңыз болып қалған Ақбөбек-Қайып оқиғасының желісіне айналады. Ауыл қыстаққа көшер күні Ақбөбек екеуі қос атпен қашады. Қаһарлы қысқа ұшыраған Есжан аулының адамдары бұларды келер көктемде Самдағы Қорабай ауылынан тауып, Ақбөбекті тартып алып кетеді. Бұдан кейін де Қайып Ақбөбекті екі дүркін алып қашып, сәтсіздікке ұшыраған. Қайып қолға түсіп, тұтқын есебінде азап тартады. Қайыптың үш-төрт түрлі әуенмен айтылатын Ақбөбекке арнаған 30-ға тарта ән-өлеңі бар. Негізгісі – маңғыстаулықтар айтатын «Ақбөбек» әнінің тұрақты әуені.

Көрулер: 5 335

Ұзақтығы: 4мин 17сек

Қосылды: 19.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.