Қазақ телевизиясының ардагері - Табыл Құлыясов

Қазақ телевизиясының ардагерлерінің бірі Табыл Құлыясов 1935 жылы Ақтөбе облысында туған. Ол 1978 жылы ҚазМҰУ-ды бітіріп, 1950 жылдан бастап газеттерде мақала, өлеңдер жазып тұрды. 1957 жылдан бастап аймақтық, республикалық басылымдар да очерктері жариялана бастады. 1970 жылы республикалық теле-радионың Торғай, Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі, қазақ телевизиясының насихат редакциясында редактор қызметін атқара жүріп, «Жебе» сатиралық журналын шығарды. Оның «Сауда сақал сипағанша», «Қоңыраулы күлкі-грамма», «Жалмауыз», «Құйын», «Ақмылтық», «Жегі» сатиралық кітаптары, барлығы 40-тан астам еңбегі жарық көрді. Табыл Құлыясовтың қазақ телеарнасының ұлт жаршысына айналуына үлес қосқан еңбегі үлкен. «Қоғамның ащы шындығын сатира қарумен әшкерелеуге бағытталған «Жебе» сатиралық хабарға ол уақытта қатаң цензура салынатын. Оған қарамастан бірқатар қатар заңбұзушыларды анықтап, бұқараға жария еттік. Қазір сатиралық «Жебені» енгізудің уақыты келді. Өйткені халықты ұялту керек», - дейді журналист.

Көрулер: 2 130

Ұзақтығы: 3мин 32сек

Қосылды: 19.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.