Жандарбек Бұлғақов: Бала дүние үшін емес өзі үшін әрекет жасауы керек

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов «Мақпалдың мекені» айдарында қонақта болды. 26 жасар ақын армандар, жетістіктер, бала тәрбиесіне қатысты сөз қозғады. «Өзінің баласының үлкен белестерді бағындырғанын қаламайтын ата-ана жоқ. Баланың шын тілеуін тілейтін де ата-ана. Достың өзі де басыңа бақ қонғанда айналып кетуі мүмкін. Ата-анамның әрбір аламан сайысқа түскенде тілеген тілектері орындалды. Солардың тілегімен ел алдында шапқылап, көрініп жүрмін. Мұның бәрі ата-анамның арқасында. Өзімнің арманым – көп балалы ата-ана болу. Себебі біз отбасымызда екі ағайынбыз. Көпбалалы отбасыға барғанда қызығамын. Көз ашқалы тек айтысты үйрендім. Басқа шаруамен, кәсіппен айналыспаймын. Өйткені ата-анам да жұмсаған емес. Олар тек қана айтысқа қатысып, сахнаға шығу үшін барлық жағдайды жасады. Үш баланың әкесімін. Балаларыма өтірік айтқан емеспін. Айтқан сөзімді тастаған емеспін. Сондықтан бірінші орында балаларымның адал болуын қалаймын. Ол үшін өзім адал болуым керек. Балаға талап қойып, сыйақы ұсынып тәрбиелеу дұрыс емес деп ойлаймын. Бала дүние үшін емес өзі үшін әрекет жасау керек», - дейді ақын.

Көрулер: 3 015

Ұзақтығы: 22мин 42сек

Қосылды: 09.02.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.