Қуаныш Шоңбай: Армандамаған адамға көмек бере алмайсың

Бүгінгі «Бақытты әйел» бағдарламасының «Мақпалдың мекені» айдарында Қуаныш Шоңбай қонақ боды. Кәсіпкер жетістікке жету жолындағы қадамдар туралы сөз қозғады. «Мен мықтымын» деген ең жаман сөз. «Мен мықтымын» сезімі жетістікке жетуге тосқауыл болады. Адам мықты болса, жеткен жетістіктерінен көрінуі керек. Мен өзімде де ол сезім болады. Бізде елмен жарысу деген әдет бар. Ең қиыны - өзіңмен жарысу. Ол деген - жасау. Адамның ішінде белгілі бір талант болады. Ол көзге көрінбеуі де мүмкін. Сол талантты іздеу керек. Біз көбінесе потенциал, қабілетімізді байқамаймыз. Алға қойған идеядан қорықпау керек. Жалпы, біздің қоғамда армандаудан қорқады. Ал, армандамаған адамға көмек бере алмайсың. Одан кейін, бір күнде жетістік болмайды. Әр жетістіктің артында еңбек жатыр. Ал, жеңістің негізгі кілті – мақсат. Біздің қателігіміз - бүгінгі күнмен емес, кешегі күнмен өмір сүру. Тегін білімге қарсымын. Себебі, тегін келген дүниенің құны жоқ. Кез келген жеңіс шабуылдың нәтижесінде келеді. Бұл дегеніміз - өзіміздің қателіктеріміз және кемшіліктерімізбен күресу. Тағы бір мәселе – комплекс пен сенімсіздік. Комплексі бар адам артқа шегінеді. Сенімі жоқ адам да алға қадам жасай алмайды. Неліктен кейбіреулер біреудің жолына қарайды? Өйткені, басын қатырғысы келмейді. Жетістікке жету үшін басты қатыру керек, қатырудың жолдарын іздеу керек», - дейді қонақ.

Көрулер: 4 460

Ұзақтығы: 39мин 23сек

Қосылды: 08.02.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.