«Қымызхана» бағдарламасының негізі 42 жыл бұрын қаланғанын білесіз бе?

2006-2007 жылдары көрермендердің көзайымына айналған «Қымызхана» бағдарламасы есіңізде болар. Боранбай ақсақалдың салиқалы әңгімесі, Қозыбас пен Бөтештің әзілдері, Айнаш пен Еркенің дәмді бауырсағы мен қымызы хабардың мазмұнын ашып тұратын. Ал, бұл бағдарламаның негізі осыдан 42 жыл бұрын қаланғанын бірі білсе, бірі біле бермейді. 1976 жылы «Қымызхананың» алғашқы шығарылымы көрерменге Ұлттық арна эфирінен жол тартты. «Қымызхана» эфирге шықпай тұрып, сатираға құрылған «Шымшуыр», «Әзіл-сықақ» деген атпен 15 минуттық бағдарлама көрсетіліп тұрды. Оған арнайы сценарий жазылмағандықтан, бағдарламалар көп уақыт өтпей жабылып қалды. Орнына «Қымызхана» ашылды. Хабарды ұйымдастыру жұмысына қазақ телевизиясының ардагері Сұлтан Оразалин мұрындық болды. Бұл кезде ұлттық сананы оятатын өткір де тың дүниелер қажет болды. «Қымызхана» ел сенімін арқалап, қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды сатирамен көрерменге жеткізе білді. Ол кездегі техника мүмкіншілігінің аз болғанына қарамастан, бағдарлама ұжымы көрерменге іргелі телетуындыларды ұсынып отырды. Әсіресе, 1976-1980 жылдары жарық көріп, көрерменнің көзайымына айналған «Қымызхана» хабарының режиссері Шырын Ағышева, Клара Қорғанова, Мэлс Байсанбаев, Жеңіс Мұқатаевтардың еңбегі зор.

Көрулер: 4 928

Ұзақтығы: 4мин 42сек

Қосылды: 06.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.