18 жасар Құралай: Аяғымнан тұрғызған – ата-анамның сөздері

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі кейіпкері 18 жасар Құралай. Ол 10 жасында велосипедтен құлап, бел омыртқасына зақым келген. Екі жылдай төсекке танылған Айгүл басына түскен ауыртпашылықты қалай жеңгені туралы айтып берді. «Бала кезімнен велосипед тебуді ұнататынмын. Бір күні велосипед теуіп келе жатып, жоғарғы жолдан байқаусызда құлап кеттім. Ол кезде баламын, орнымнан тұрып, ештеңе байқамадым. Үйге барып ауырған жерді жуып, ешкімге көрсетпедім. Бір-екі күннен кейін қолым ауыра бастады. Анам емханаға апарып, рентген жасады. Рентген омыртқамның майысқанын көрсетті. Дәрігерлер сколиоз диагнозын қойды. Жан-жаққа апарып, қаратты. Ресейге де бардық. Бір ерекшелігі - омыртқам тез майыса бастады. Бір жылда 2-ші дәрежеден 3-дәрежеге өтті. Қандай ем алсам да еш көмек болмады. Күннен күнге қолым ұйым, жаны кете басталды. Жүрісім, отырып-тұруым қиындады. 2012 жылы ота жасаттым. Ата-анам қасымда болды. Ең қиыны - отаға бір күн қалғанда мен ойландым. Себебі отаға кепіл берілмеді. Сонда да барлығына келістік. Өйткені басқа амал болмады. Ота жасағанда жұлыныма зақым келіп, төсек тартып қалдым. Ата-анамды танымай, жан сақтау бөлімінде көп жаттым. Қазір омыртқама темір қондырылған. Омыртқам 17 градусқа майысқан. Ауруханадан шығып, үйге бардық. Дәрігерлер үміт бермеді. Анам-әкем жұмысын тастап, қасымда болды. Ол үшін оларға үлкен алғыс. Шарасыз жаттым. Өзімнің қатарластарымнан қалғанымды түсіндім. Сабаққа бара алмадым. Арманым – журналист болу еді. Үмітім үзілді. Анам мені қатты қолдады. Уақыт өте есіме бәрін түсіре бастадым. Бір күні бір саусағым жыбырлай бастады. Ешкім сенбеді. Содан қолым қимылдап, көтере бастадым. Кейін аяқтарым қимылдай бастады. Аяғымнан тұрғызған – ата-анамның сөздері. Себебі олар жігер беріп отырды», - дейді Құралай.

Көрулер: 2 477

Ұзақтығы: 25мин 38сек

Қосылды: 05.02.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.