Бүгін «Абай» журналының жарық көргеніне 100 жыл толды

«Абай» журналы – қазақ журналистикасында өзіндік орны бар басылымдардың бірі. Бүгінде қоғамдық-саяси және әдеби журналдың жарық көргеніне 100 жыл толды. Журналды шығару жөніндегі алқашқы ұсынысты қазақ зиялылары 1914 жылы ұсынған. Сол жылы ақын Абай қазасының 10 жылдығына байланысты Семейде өткізілген үлкен жиылыс үстінде журнал шығару туралы шешім шығарылады. Ал, 1918 жылы 4 ақпанда «Абай» журналы жарыққа шығады. Журналдың негізін салған әрі шығарушы редакторлары – Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов. Олар «Екеу» деген бүркеншік атпен қол қойып, мақалалар жариялаған. Журналда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Ғұмар Қарашев, Смағұл Сәдуақасов, Халел Досмұхамедовтардың өлеңдері мен публицистикалық мақалалары жиі басылып тұрды. Журналдың алғашқы саны Абайдың шығармашылығын насихаттауға бағытталған болса, кейіннен әлеумет, саясат, экономика сияқты қоғамдық маңызы зор тақырыптарға назар аудара бастаған. Журнал Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін 1918 жылдың қараша айында жабылады. Қысқа мерзімде небәрі 12 саны ғана жарық көріп үлгерген. Араға 74 жыл үзіліс салып, Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдан бастап «Абай» журналы оқырманымен қайта қауышты. 1994 жылы 13 мамырда журналға республикалық мәртебесі берілді.

Көрулер: 4 577

Ұзақтығы: 3мин 53сек

Қосылды: 04.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.