Жол апаты көп нәрсеге үйретті

Тележүргізуші, журналист Асхат Садырбай «Бақытты әйел» бағдарламасының «Мақпалдың мекені» айдарында қонақта. Асхат Садырбай: Танымал болуды армандаған жоқпын. Жалпы, шығармашылықпен айналысу ұнайтын. Арманым - радио, газет еді. Достарым телеарнаға кастингке барып көрейік деді. Алғашында өтпедім. Екінші кастингтен өтіп, жұмыс істедім. Бірінші айлығым 2000 теңге еді. Эфир мәңгілік емес. 80-ге келгенше эфир тізгінін ұстау оңай емес. Біздің арналарда ондай жағдай аз. Артыңнан жастар келеді. Бәрібір орныңды босатып бересің. Бұл нәрсеге психологиялық дайын болдым. Жұмыс болмай қалған кездерде үйге азық-түлікке ақша таппай қалған сәттер өтті. Көлігіме мініп, такси қызметін көрсеттім. Өзіме қатты сынмен қарайтын адаммын. Кемшіліксіз адам жоқ. Психологияға әуестенемін. Журналистикаға келгеннен кейін психология екеуі ұштасты. Көп оқып, ізденемін. Жол апатына түскен кезде де өзімді психологиялық дайындадым. Ол жағдай көп нәрсеге үйретті. Мойнымда жүрген біраз жүктен арылдым. Көп уақытымды керек емес адамдарға жұмсап келген екенмін. Көп адам мүмкіндіктерімді пайдаланып, басыма қиын іс түскенде немесе қуанышты сәттерімде жанымда бола алмайды екен. Одан кейін Астанаға көшуге бел будым. Осылайша жерді, жұмысымды, ортамды ауыстырдым. Студия қонағы сондай-ақ, отбасы, бала тәрбиесі туралы да сырларымен бөлісті.

Көрулер: 2 510

Ұзақтығы: 28мин 57сек

Қосылды: 02.02.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.