2 ақпан - «Қазақ» газетінің шыққан күні

1913 жылдың 2 ақпанында алты Алаштың айбынына айналған «Қазақ» газеті өмірге келді. Басылым ұлт еңсесін көтеруге үндейтін, ұлттық идеяны насихаттайтын 12 негізгі бағыт бойынша өзекті мәселелерді қамтыды. Газетті ұйымдастырушы, редакторы Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі Міржақып Дулатов болды. Қысқа мерзім аралығында елге қызмет етсе де, басылымда Алаш ардақтыларының мақалалары жарияланып тұрды. Сондықтан, ол ұлт айнасына айналды. «Газетті шығару оңай болған жоқ. Оған Алаш арыстары 13 жыл дайындық жүргізді. 1905 жылы Қарқаралы петициясында тәуелсіз газет шығару талабы болды. Соның нәтижесі - 1913 жылы «Қазақ» газетінің шығуы. 1918 жылдың қыркүйек айына дейін, 6 жылға таяу уақытта 266 нөмір шықты», - дейді алаштанушы ғалым Қайрат Сақ. «Қазақ» газеті қазақ жұртына мәдени есік, әрі жат жұрт жағынан күзетшісі болсын. Бұл - Міржақып Дулатовтың сөзі. Шынында да, белді басылым сан салалық қызметімен ерекшеленді. Қоғамдық-саяси, мәдени бағытта, ұлттық-демократиялық қағидаларға негізделді. «Қазақ» газеті қолдан-қолға өтіп, тозып, жыртылғанша оқылды. Оны сол кездегі тоғыз облыс, бір губернияға бөлінген халық жаздырып, алып отырды. Бүгінде оның Еуропа, Түркия және АҚШ-қа дейін жеткізіліп тұрғаны жөнінде деректер бар.

Көрулер: 2 716

Ұзақтығы: 2мин 23сек

Қосылды: 02.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.