Дана Нұржігіт: Ең үлкен жеңісім - ұлым

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы тележүргізуші Дана Нұржігіт. Тележүргізуші «Адам баласының бұзылуы оңай. Ал, белгілі бір тәртіпте, қалыпта өмір сүруі қиын. Жалпы, мәдениет деген бір нәрсеге мойынсыну, шектеу қою. Жабайы болу оңай, мәдениетті болу қиын. Мен бір қалыпты адаммын. Қалыптан шығуым мүмкін, өзімнен күтпеген авантюралық дүние менде де бар. Оның бірі - менің тұрмысқа шығуым. Тұрмысқа шығуды жоспарлаған жоқпын. Сезім деген бір сәтте тұтанады. Жеті рет ойланып, бір рет кесетін адаммын. Бірақ дәл осы сезімге келгенде өзімді тежей алмадым. Шешімім үшін әзірге өкінген жоқпын. Өз басым тыныштықты жақсы көремін. Үйімді жылы ұядай көргім келеді. Мені күтіп отырған қымбат адамдарым – екі азаматым. Бақыт деген – кішкентай жұмақты қолыңмен жасау. Ол жұмақты қорғайсың. Өзім түзде көп жүремін. Ер азаматтың ойынан шықпауым да мүмкін. Бірақ Мұраттың кешірімді, қалжыңбас мінезі көп нәрсені жуып-шаяды. Ұлым Әлім Мұратты көріп, «папалағанда» мен үшін бәрі шешілді. Екеуінің қарым-қатынасы жақсы. Мұрат балама шаң жолатпайды. Өзім әйел де, еркек те болдым. Ер адамның балажан болып, көмек беруі, мені келбетімнен түсінуі мен үшін жаңалық болды. Ондайды көрмегенмін. Жанашыр адамның қолынан ғана келеді. Көп балалы ана болуды армандадым. Бірақ ол болмады. Өмірдегі ең үлкен жеңісім – ұлым. Балалы болу жолында денсаулығымды құрбан еттім. Медицинаның көмегімен балалы болып отырмын. Бірақ қазір содан қайта өте аламын ба білмеймін», - дейді тележүргізуші.

Көрулер: 3 176

Ұзақтығы: 20мин 49сек

Қосылды: 01.02.2018

Пайдаланушы: Бақытты әйел

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.