Жүрсін Ерман: Ұлттық арнаның мерейтойы – қазақ рухиниятындағы үлкен оқиға

Биыл - Ұлттық арнаның 60 жылдық мерейтойы. Ұлттық арнаның мерейтойы – қазақ рухиниятындағы үлкен оқиға. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Ұлттық арнаның ардагері Жүрсін Ерман және оның жұбайы Ұлттық арна ардагері, диктор Бақытжамал Ерманова студия төрінде қонақ болды. Өнер иелері түрлі бағдарламаларды ұсынып, Ұлттық арнаға еңбектері сіңген. Студия қонақтары өткенді еске алып, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті. «Қазақ теледидарының ішінде біздің көп ғұмырымыз өтті. Әсіресе Бақытжамал ширек ғасырдан астам диктор болып қызмет етті. Мен өнер жолын 1971 жылы Жезқазған облысында бастадым. Кейіннен Алматыға Камал Смаиловтың шақыртуымен ауыстым. Қазақтың талай жақсысымен араластық. Ұлттық арнаның 60 жылдығы біз үшін өте жақсы мейрам. Бізді өсерген де, бүкіл Қазақстанға таныстырған да осы қазақ телевизиясы. Жас кезімнен әнге құмар болдым. Телевизияға келген соң айтыс жасайын деген ой келді. Жезқазған облысында қызмет жасап жүріп, сол жақтың ән айтатын жігіттерінің басын қосып, айтыс жасадық. Ол 1974 жыл болатын. Кейін Алматыда республикалық көлемде жұмыс жасау мүмкіндігі пайда болған кезде 1984 жылы осында жүргізе бастадық. Бұл қазақ телевизиясының табысты жобаларының бірі. Айтыс ел ішінде жылдам тарап, ақындар шыға бастады. Өзім болсам облыс, қала аралап, ақын іздеп кеттім. Оның барлығы қазақ теледидарының тарихы. Айтыс қанымызда, тегімізде бар. Сондықтан бұл өнер тез дамыды», - дейді қонақтар.

Көрулер: 3 431

Ұзақтығы: 15мин 29сек

Қосылды: 01.02.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.