Қазақ тіліне сіңісіп кеткен кірме сөздер

Тіл – ұлттың жаны, елдің рухы мен жігері. Ахмет Байтұрсынов секілді Алаш зиялылары тілді ғылым ретінде қалыптастырды. Одан бері жүздеген ғалымдар іргелі ізденістер мен зерттеу жүргізіп, тіл ғылымының жүйесін қалады. Тіл білімі қаншалықты зерттелуде? Нендей өзгерістер бар? Өзге тілден енген қандай сөздерді білесіз? «Тіл байлығы» айдарында осы жолы кірме сөздер зерттелді. Шындығында, қазақ тіліне әбден сіңіп кеткен, өзге тілден енген кірме сөздер жетерлік. Олардың орнына қолданатын балама термин жоқ секілді көрінеді. Ғалымдар кірме сөздердің тарихын сонау IX-X ғасырлармен байланыстырады. Бұл уақытта араб, парсы тілдерінен көптеген сөздер енген. «Адам», «әлем», «ғалым», «қоғам», «мектеп», «тарих», «әдебиет», «мәдениет», «пән», «тәрбие», «емле» - бұлар араб және парсы тілдерінен енген сөздер. Өзгенікі деп айтуға да қимайсың. Тарихи деректерге сенсек, бұл сөздер қазақ даласына Ислам дінін, мәдениетін таратқан ақын, ғалым, ойшылдармен бірге келген. Кеңестік дәуірде де қазақ тіліне енген сөздер кем емес. Бұл сөздер жарты ғасырдан астам уақытта жадымызға жазылып, санамызға сіңді. Тәуелсіздік алғаннан кейін кейбір кірме сөздер қазақшаға аударылып, қайта түрленді. Мысалы, самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба. Қисынға келмейтін, естуге ерсі аудармалар да бар.

Көрулер: 7 848

Ұзақтығы: 3мин 40сек

Қосылды: 29.01.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.