Гаджеттерді сымсыз қуаттағыш құралы мен робот-жастық туралы не білесіз?

Бүгінгі «Hi-Tech» айдарында «Energous wattup» сымсыз қуаттағыш құралы, «Somnox» ақылды робот жастығы, «Nokia sleep» ұйқы гаджеті туралы айтылды. «Ses-2018» халықаралық көрмесінде голландиялық инженер «Somnox» ақылды жастығын таныстырды. Ол жастық иесінің ұйқысын күзетеді, жүрек қағысын реттеп, тыныс алу жолдарының жұмысын бақылайды. Жастық жақсы ұйықтауға көмектеседі. Сондай-ақ иесінің қимылына сәйкес көлемі өзгереді. Тіпті «Somnox» жастығы арқылы сүйікті әніңіз бен аудиокітап таңдауға болады. «Somnox» роботы Android немесе iOS жүйесімен басқарылады. Ол смартфонға Bluetooth арқылы жалғанады. Сатылым құны 140 мың теңге. Сонымен қатар «Energous wattup» кез келген гаджетті сымсыз қуаттайды. Оның қуат көзі әзірге 90 сантиметр қашықтыққа жетеді. Құрастырушылардың айтуынша, болашақта бұл меже 4,5 метрге ұлғаяды. Аталмыш құрылғыны АҚШ-тың ресми комиссиясы бекітіп, сатылымға шығаруға болатынын хабарлады. Алайда сатылым құны мен уақыты әзірге белгіленген жоқ. «Nokia sleep» гаджеті ұйқыны жақсартудың жолдарын ұсынды. «Nokia sleep» ұйқы трекері төсектің астына қоюға арналған. Аталмыш гаджет ұйқының уақыты, тыныштығы, адамның қаншалықты қорылдайтынына дейін ақпаратты жинайды. Ал, смартфон арқылы жүйеге қоссаңыз әйгілі сомнолог ұйқыны жақсартудың жолдарын ұсынады. Бағасы 32 мың теңгені құрайды.

Көрулер: 2 181

Ұзақтығы: 1мин 58сек

Қосылды: 25.01.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.