«Таңшолпан». Ұлттық мәдениетімізде ізін қалдырған дара тұлғалар

Кәкімбек Салықов - Біржан сал мен Ақан сері, Ыбырайдың жолын жалғаған бірегей дарын иесі. Ол талантымен күллі қазақты тәнті еткен тұлға. Қаламгердің жыр-жинақтары бірқатар әлем тіліне аударылып, жарияланған. Одан бөлек, Кәкімбек Салықовтың есімі қазақ ән өнерінің классиктері Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев секілді композиторлармен тығыз байланысты. Өйткені оның сөздеріне жазылған көптеген әндер халық әндеріне айналып кеткен. Бірегей талант өнерден өткенше өнері мен өлеңін халқына аманат етуді өзіне парыз санады. Бүгінде ақынның туындалары халықтың мұрасына айналып үлгерді. Қазақ халқының бағына біткен шын таланттардың қатарында шығыс жекпе-жектерінің шебері, суретші Бексейіт Төлкеев те бар. Оның 89 тарихи тұлғаның басын қосып салған әйгілі «Ұлы көш» картинасы Алматыдағы Президент резиденциясында сақтаулы тұр. Мұстафа Өзтүріктен тәлім алған дарын иесі шығыс жекпе-жек өнерін бірден игеріп алды. Алайда спорт шыңына шықса да жаны өнер мен суретті таңдады. Жекпе-жек өнерінде де талассыз тұлға екенін дәлелдеп кетті. Бүгінде оның ізбасарлары әлемдік аренада атой салып жүр.

Көрулер: 2 167

Ұзақтығы: 2мин 28сек

Қосылды: 22.01.2018

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.