«Таңшолпанға» 25 жыл. Бағдарламаның алғашқы режиссерлері мен ассистенттері

1985 жылы Театр және кино институтын тәмәмдап, «Қазақстан» телеарнасына жұмысқа келген Уәлихан Исабаев алғашқыда «Арт» жастар студиясында қызмет еткен. Ол - «Таңшолпан» бағдарламасында жаңа хабардың шаңырағын көтерген режиссерлердің бірі. «Алғашқыда «Таңшолпанның» ритмі өте сұмдық болған. Күніне екі сағаттық бағдарлама жасау керек. Ал, күніне 2 сағаттық материал жинау өте қиын. Телевидениеде жүріп, үлкен тәжірибе жинадым. Мықты режиссерлердің өзі де телевидение саласында жүріп, деректі фильм түсіруден бастайды», - дейді алғашқы режиссер Уәлихан Исабаев. Таңғы бағдарламалар арқылы шығармашылық жолы жалғасқан режиссер болашақта кино түсіруді сол уақытта армандаған екен. Телеарнадан кеткен соң біржола киноға бет бұрған. Қазір бірнеше фильмі жарыққа шыққан. «Қарлығаш», «Әйгерім» секілді кинотуындылар шынайы өмірді, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен отбасындағы құндылықтар жайында баяндайды. Қазіргі бағдарламалар компьютерде жасалады. Ал, ол кездегі хабарлардың барлығы кассетаға жазылатын. Тікелей эфирге шығатын «Таңшолпанның» сюжеттерінің қандай кассетада, қай минутта тұрғанын жатқа білу - режиссер ассистенттерінің негізгі міндеттерінің бірі. Бибігүл Жуарбаева Ұлттық арнаға жолы түскенде міндеті түрде бейнеқордағы әріптестеріне кіреді. «Таңшолпанның» материалдарын іздегені кешегідей есінде. Режиссердің ассистенті әрбір кассетаны жатқа біледі. Тікелей эфирдегі кез келген сәтті қалт жібермей отыра белетін ассистентке әріптестері де сенім арта білді. 1993 жылдан бастап «Қазақстан» телеарнасына келген Бибігүл 2003 жылы басқа салаға ауысқан.

Көрулер: 2 283

Ұзақтығы: 4мин 34сек

Қосылды: 06.12.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.