«Дара жол» бағдарламасы Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жас мерейтойына арналды

«Дара жол» бағдарламасы әнші, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жас мерейтойына арналды. Нұрғали Нүсіпжанов 1956 жылы музыка өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. Консерваторияны бітірген соң Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қызметке жіберілді. Бірақ, ол жеке әнші болуды армандады. Қызмет жолы оны Қазақ телевизиясы мен радиохабарларын тарататын мемлекеттік комитетке әкелді. 1976 жылы Нұрғали Нүсіпжанов Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестріне жетекші әншілікке қабылданды. Осы сәттен бастап оның ән шырқауына даңғыл жол ашылды, әншілік шеберлігімен көрермен қауым алдында құлашын жайды. Әнші бағдарламада туған өңірі, балалық шағы туралы естеліктерімен бөлісті. «Адамның қалыптасу ортасы балалық шағы өткен жеріне байланысты. Әке-шешем мал шаруашылығымен айналысты. Қысы-жазы табиғат аясында өстім. Жануар, жәндіктерге құмар болдым. Солардың болмысын, сырын білмесем көңілім көншімейтін. Балапан, құс асырадым. Жабайы араларды ұстап, олардың балын тартып жедім. Ол - бала кездегі әуестік. Үйдің жалғыз баласы болдым. Жалғыз болған соң, ерте үйленіп, немере сүйгізіп, кемпір-шалды бағуым керек еді. Бірақ, әкем оған көнбеді. Көңілімді аулады. Оқығым келгенімді сезді. Аталарымды шақырып, батасын беріп, мен оқуға аттандым», - дейді әнші.

Көрулер: 5 417

Ұзақтығы: 13мин 14сек

Қосылды: 28.11.2017

Пайдаланушы: Дара жол

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.