Ақын Сәуле Досжанова: Еуропа қазақтары үшін «Сағыныш» кітабын жаздым

17-20-қарашада Швецияның Стокгольм қаласында өткен VI Еуразиялық халықаралық әдебиет фестиваліне 36 ел қатысып, 1100 еңбек сараланған. Оның ішінде ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанованың шығармасы екі номинацияны иеленіп отыр. Ақын бүгін «Таңшолпан» студиясында қонақта болды. «25 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істедім. Қазір зейнеттемін, бірақ, шығармашылықпен айналысамын. «Таңшолпанның» дүниеге келгені есімізде. Шерхан Мұртаза төраға болып, атауын өзі қойған. Сол 25 жылдан бері қанша дүние өтті. Жақсылығын да, қиындығын да көрдік. Қызмет арасында «Таңшолпанға» қонаққа да келдім. Жуырда өткен әдебиет фестивалінде М.Әуезовтың 120 жылдығына ерекше мән берілді. Соған қуандым. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасы. Қазіргі уақытта біздің ұлы тұлғаларға құрмет көрсетіп, өнер адамдарын шақырғаны – мәртебе. 2015 жылы жарық көрген «Өгей жүрек» атты кітабым орысшаға аударылып, бүкіләлемдік сатылымға қойылды. Одан басқа, қазан айында Еуропа қазақтары үшін қазақ тілінде «Сағыныш» кітабын жаздым», - дейді ақын.

Көрулер: 3 028

Ұзақтығы: 14мин 44сек

Қосылды: 24.11.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.