Балалар мен жастарға арналған «111» ұлттық сенім телефоны туралы білесіз бе?

1989 жылдың 20 қарашасы – БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойған күні. Бала құқықтары туралы конвенция тәуелсіз Қазақстан үкіметі 1994 жылы ратификациялаған тұңғыш халықаралық келісімшарт та атанды. Биыл Дүниежүзілік балалар күні әлемнің барлық елдерінде ерекше атап өтіледі. Осы күні бүкіл дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер өздері, өз мүдделері мен қажеттіліктері туралы ашық айтады. Бұл күннің маңыздылығы қандай? Елімізде осы күнге орай қандай шаралар өтуде? ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жанынан ашылған Балалар мен жастарға арналған «111» ұлттық сенім телефонының басшысы Ысқақ Қашқынбайұлы осы және өзге де сұрақтарға жауап берді. «Елімізде осы күнге орай көптеген шаралар бастау алды. Қазіргі таңда бала құқықтары жөніндегі ЮНИСЕФ Балалар қоры мен халықаралық балалар қорының бастамасымен конференция ұйымдастырылуда. Бүгін Астана қаласының Оқушылар сарайында балалар мен жастардың шығармашылық фестивалі өтіп жатыр. Бұл шараларға жақын және алыс шет елдерден қонақтар, халықаралық сарапшылар келді. Осы шара аясында балалардың қатысуымен 13 тақырыптық диалог алаңдары құрылған болатын. Мысалы, «Бала және заң», «Бала және білім беру», «Бала және денсаулық сақтау». Бүгіннен бастап 24- қарашаға дейін еліміздің барлық өңірлерінде балалар арасында 111 ұлттық сенім телефоны насихатталады. Одан басқа, мектептерде сынып сағаттары, тренинг, ойындар өтеді. Осылайша балалар Қазақстандағы осындай сенім телефоны туралы хабардар болады», - дейді Ысқақ Қашқынбайұлы.

Көрулер: 10 090

Ұзақтығы: 11мин 49сек

Қосылды: 20.11.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.