Суретші Жеңіс Кәкенұлы: Қазақтың талантты ұл-қыздары жақсы ұстаздың қолына түссе екен

Қазақ суретшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Жеңіс Кәкенұлы «Таңшолпанда» қонақта. 18-қараша күні Астана қаласында Жеңіс Кәкенұлы, Қалиолла және Райкүл Ахметжанның сурет көрмелерінің ашылуы өтті. «Қалиолла ағамен өткен көрме жоспарымызда болған жоқ. Бұл көрмені ашу Динара Сәтжанның бастамасы. Қарындасымыздың еліміздің суретшілері үшін көрме жасағаны қуантты. Әр суретшінің өзіндік стилі бар. Біреуі натюрморт салады, біреуі жануар салады. Мен қазақта бар жылқы суретін салып, елге танылдым. Бірақ, онымен шектелген жоқпын. Ылғи көретін қала көрінісін салатын жайым бар. Өткен жылы Лондон қаласында «Әдебиет пен кітап» фестивалінде жазушы Айнұр Кемелбаеваның кітабына иллюстрация жасап, жүлделі болдым. Осы уақытқа дейін 200-ге жуық кітаптың мұқабасын безендірдім. Уақытым тығыз болғандықтан, тапсырыс өте сирек аламын. Берлин, Түркия, Манхэттенде көрмелерім өтті. Қазақтың ұл-қыздары таланттан кем емес. Сол дарынды балалар жақсы ұстаздың қолына түссе екен деп ойлаймын. Сурет салуға қызығу бөлек, өзінен мықты суретшілерге қызыға білу бір бөлек. Мысалы, өзім бала кезімнен сурет салуды армандаумен қатар, Ахметжановтар отбасына қызығатынмын. Енді міне, солармен бірге қанаттасып көрме ашып отырмыз. Ол да адамның талантпен қоса, суретке деген қызығушылығы. Суретші болам деген бала қандай жағдай болса да жарып шығады», - дейді қылқалам шебері.

Көрулер: 3 212

Ұзақтығы: 13мин 18сек

Қосылды: 20.11.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.