«Таңшолпанның» әр жылдардағы басшылары бүгін бағдарламаға келді
Тележүргізуші, журналист, «Дара жол» бағдарламасының продюсері Дана Нұржігіт, ақын, тележүргізуші, «Qazaq» радиосындағы «Ақ отау», «Бұл менің жүрегім» бағдарламаларының жүргізушісі Назира Бердалы, «National Geographic Қазақстан» журналының жауапты редакторы Мақсат Әділхан «Таңшолпанның» әр жылдағы жетекшілері болды. Көрерменнің сүйіктісіне айналған студия қонақтары қызықты жайттарымен бөлісті. «2002 жылы бағдарлама «Жаң күн» деген атпен шықты. Мен онда 9 ай басшы болдым. Біздің редакциямыз нағыз шығармашылықтың қазаны болатын. Күн-түн демей жұмыс істедік. Әркімнің сол заманға сай міндеті болды. Біз соны іске асыруға тырыстық. Бағдарлама атауы әр жылдары өзгеріп тұрды. «Жаңа күн», «Арай», «Оян, қазақ!». Бірақ уақыт өте халық жүрегінен орын тапқан сүйікті атауы - «Таңшолпан». Орны да, мәні де бөлек «Таңшолпанның» атауы өзгермесе екен деймін. Таңғы бағдарлама мен жаңалықтар – үйдің ішіндегі үй, бөлек аура. Жұмысының ырғағы бөлек. Тіпті жүргізушілеріне дейін бөлек жандар. Олардың ішкі дүниесі де әр түрлі»,- дейді Дана Нұржігіт. «Телевизияда басшы деген шартты ұғым. Ал, шынында өзің редактор, продюсер, журналист болып кетесің. Шығармашылық ортаның барлығы осындай. Тікелей эфирде жұмыс істеу оңай емес. Бәрінің жағдайын жасап, көңілін табу керек. Бұрынғы басшы болсақ та, көрермен ретінде жанашырмыз. Қазақ телевизиясының жылдан-жылға дамуына тілектеспін», - дейді Мақсат Әділхан.
Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.
Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.