Бүгін қазақ әдебиетінің қалыптасуына ықпал еткен біртуар азаматтардың туған күні

Бүгін қазақ әдебиетінің қалыптасуына ықпал еткен біртуар азаматтардың туған күні. Олар - Бейімбет Майлин, Мәриям Хәкімжанова, Мәлік Ғабдуллин, Садықбек Адамбеков. Бейімбет Майлин - қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Көрнекті жазушы, поэзия, проза, драма саласына қалам тербеген. 44 жыл ғұмыр кешкен қаламгер Қостанай облысында дүниеге келген. Ол өмірін саналы ұрпақ қалыптастыру жолына арнаған. Алаш ардақтыларының жолын жалғаған сөз зергерлерінің бірі - Мәриям Хәкімжанова. Мәриям Хәкімжанованың рухани мұрасы – ұлтымыздың жауһары. Ақын 1906 жылы Қотанай облысында дүниеге келген. Ұлттық әдебиетіміздің алтын қорын толықтырған жазушылардың қатарында әдебиет зерттеушісі, жазушы, Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин бар. Ол Көкшетау облысының тумасы. Мәлік Ғабдуллин 10-нан астам кітап жазып қалдырған. 1941-1946 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлік көрсетті. Соғыс аяқталып, елге оралған соң қоғамдық жұмыстарға араласып, лауазымды қызметтер атқарған. Сондай-ақ, биыл драматург Садықбек Адамбековтың туғанына - 95 жыл. Өзіндік қолтаңбасы, өзгеше мәнімен ерекшеленген ақын, драматург Садықбек Адамбековтың құнды мұралары - асыл қазына. Оңтүстік Қазақстан облысында туған жазушының мұралары 1982 жылы 2 том болып жарық көрді. Дәл осы күні дүниеге келген қаламгерлердің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына.

Көрулер: 2 625

Ұзақтығы: 5мин 16сек

Қосылды: 15.11.2017

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.