Қаржы нарығындағы акциялардың тарихы туралы не білесіз?

«Парасат майданының» бүгінгі хабары ең алғашқы қаржыгер-экономист, журналист Чарльз Доуға арналды. Студия қонақтары - қаржыгер-сарапшы Сапарбай Жұбаев және экономист Қайырбек Арыстанбекұлы. Индекстер әлемінің ең ірі биржаларында акция бағамының қалай өзгергенін анықтап тіркейді. Нарықтағы қадамдарды және ол қандай бағытта жылжып жатқанын түсіндіреді. Бірінші индекс Нью-Йорк қор биржасында енгізілген. Ол «Dow Jones» индексі. 1882 жылы Чарльз Доу, Эдвард Джо есімді бірқатар америкалық журналистердің бастамасымен Уолл-стриттің инвестициялық компанияларына жаңалық жеткізу қызметі ұйымдастырылған болатын. Осыдан кейін «The Wall Street Journal» газеті бірінші рет акциялардың баға белгілерін жариялай бастады. 1884 жылы индекстің алғашқы нұсқасы жасалғанда, 12 америкалық өндірістік компания акцияларының орта арифметикалық құнын көрсетті. Осыдан кейін бұл сараптама бүкіл қор нарығына көз жүгіртуге ыңғайлы болады. Бүгінде ол америкалық қаржы жағдайын көрсететін биржалық индекс ретінде саналады. Егер сіз нарықтың өсуі немесе құлдырауы туралы естіген болсаңыз ол «Dow Jones индексі» екенін біліңіз.

Көрулер: 2 571

Ұзақтығы: 0мин 59сек

Қосылды: 14.11.2017

Пайдаланушы: Admin

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.