Тілеуберді Бинашевтің «Дара жолы». «Махабатты таңдап, жарымның соңынан ердім»

Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев студия қонағы болды. Тасқа тіл бітірген мүсінші өзінің «Дара жолы» туралы сұхбат берді. «Оқу бітіріп, дипломдық жұмысты қалай қорғаймын деп жүргенімде бір ой келіп, аренадағы клоунның мүсінін жасадым. Сол кезде ұстазым «ұлттық мүсін жасап жүріп, неге осындай дүние жасауға ауыстың?»,- деді. Ал, меніңше, адамдардың барлығы клоун, өйткені, аңқау. Барлық өмір аренада өтеді. Осындай ой мені толғандырды. Сол мүсін жасаудан 5 деген баға алып шықтым. Қазір мүсіннің тек суреті қалды, өзін қорға алып кетті. Сол кезде Хакімжан Наурызбаев мемлекеттік комиссияның төрағасы болды. Мүсінді ұнатты. Менің Алматыда қалуыма ұсыныс жасады. Жарым Шымкенттікі еді. «Мені сүйсең, менімен кетесің» деді, мен жарымның соңынан кеттім. Хакімжан Наурызбаев маған біраз ренжіді. Уақыт өтті. Шымкентте жұмыс істеп жүрдім. Кейін Алматыда кездестік. Ол маған тағы да ұсыныс жасады. Бұл жолы келіншегім мені қолдап, Алматыға көшіп келдік. Ол уақытта мүсіншілер комбинатына кіру үшін академия немесе институт бітіру керек еді. Мен болсам училище бітіргенмін. Хакімжан аға бір сөзбен мені сонда орналастырды. Ол жақтан біраз нәрсе үйрендім», - дейді өнер иесі.

Көрулер: 3 045

Ұзақтығы: 6мин 49сек

Қосылды: 13.11.2017

Пайдаланушы: Дара жол

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.