Қазақстанда ғарыш дәуірі қашан басталды?

20 ғасырдағы ең күлкілі оқиғалардың бірі 1938 жылы болды. Америкада «SBS» радиостанциясында Герберт Уэллстің «Ғаламдар соғысы» романы бойынша радиоспектакль өтті. Радиоспектакль кезінде «Жер бетіне Марстан келген келімсектер шабуыл жасап жатыр, адамзатты жалмап жатыр» деген хабар келген кезде радиоспектакльді тыңдап отырған тыңдаушылар түсінбей, тікелей репортаж деп ойлап, көшеге шығып, қаша жөнеледі. Сол күні байлаулы ит, қамаудағы құс, барлық жануарлар босатылды. Азаттық емес, ел ішінде тараған жалған ақпарат үшін. Эфирден соң бұл ойын екені айтылды. Бірақ, ешкім оған құлақ аспады. Марстан келген құбыжықтарды «өз көзімен көргендер» мен қашып шыққандар да табылды. Ақпарат екі күннен соң расталып, үйінен кеткендер қайта оралды. Осылайша, қисынсыз әзіл Американы дүр сілкіндірді. Әрине күлкілі болса да, бұл оқиға адамзат тарихында жаңа дәуірдің басталғанын сипаттайды. Бұл - ғарышпен қарым-қатынас. Тыңдармандар осындай жағдайға қалай сенді? 20 ғасырдың адамдары үшін ғарыш дәуірі қашан басталды? Ал, Қазақстанда ғарыш дәуірі қашан бастау алады? «Шетел жазушыларының қиялы 17-18 ғасырдың өзінде жұлдызды әлемге ауған. Ал, біздің ғарыш дәуіріміз Байқоңырдан басталды. 1957 жылы 4 қазанда Жердің тұңғыш жасанды серігі ұшты. Одан кейін жазушылардың жұлдызды әлемге ғарышкерлердің сапары туралы шығармалары пайда болды. Оған дейін адамдар жұлдызды, әлемді бақылап, көргенімен ойы ертегіге толы болды. Ал, одан кейін адамның ой өрісі өзгерді», дейді жазушы Жүніс Сахиев.

Көрулер: 4 932

Ұзақтығы: 5мин 16сек

Қосылды: 07.11.2017

Пайдаланушы: Парасат майданы

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.